АТЫРАУДА

Атырауда екі жігіт топырақ астында қалып қаза тапты

18 маусым күні Атырауда қала маңындағы «Жұлдыз» ықшамауданында қайғылы оқиға болды.

Трактор үй алдынан ор қазып жатқанда су құбыры істен шыққан. Оны 32 және 22 жастағы екі көрші жөндемек болған. Олар төмен түсіп, құбырды жөндей бастағанда, жер опырылып түсіп, жігіттерді басып қалыпты.

Көп ұзамай екеуінің мәйіті ордан шығарылып, шаңырақтарына жеткізілген. Қазіргі уақытта ағайындарының оларды соңғы сапарға шығарғаны анықталып отыр.

“Маусымның 18-і күні «Жұлдыз» ықшамауданында үйдің жанынан шұңқыр қазу кезінде су құбыры істен шығып, екі ер адам жер астында қалып, қаза тапты. Тергеу жүріп жатыр” depti Атырау облыстық полиция департаменті.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button