Атыраулықтар маса мен шіркейден зардап шегуде

by Depti
0 views

Жаз бастала салысымен Атырау қаласы тұрғындарына масаның маза бермейтіні анық. Жыл сайын осы мәселені шешу үшін облыстық бюджеттен қыруар қаражат бөлінеді.

Мысалы, былтыр қансорғыштармен күресуге 126 млн теңге бөлінген еді. Бірақ дезинсекциялық жұмыстарды жүргізген мердігер компанияның жұмысына халықтың көңілі көнши қоймады.

Биыл аталған жұмыстарға 129 млн 995 мың теңге бөлінді. Бұл – бұрын-соңды болмаған рекордтық сома. Соған қарамастан, осы жылы атыраулықтарды шіркейдің шамадан тыс көбейіп кеткені де қатты алаңдатуда.

Мамандардың айтуы бойынша, шыбын-шіркейдің көбеюі айдындарға судың көптеп келуінен болуы ықтимал.

Қалай десек те, бүгінгі жағдай кішкентай зиянкестермен күрес жолында мемлекет тарапынан кешенді шешімдер қабылдануы тиіс екенін көрсетеді. Өйткені, өңір тұрғындарының таза ауада демалуы мүмкін болмай тұр.

Ару ҰЗАҚОВА,
Х. Досмухамедов атындағы университеттің 4-інші кешкі бөлім студенті

You may also like

This material is not allowed for publication, broadcast, rewritten or redistributed. ©2021 PenciDesign. All rights reserved. Market data provided by Market.com. Powered and implemented by Web Design Solution. Legal Statement. News and Informations data provided by Example.Com