САРАПТАМА
Toyota автокөлігін мінген жүргізуші жол жиегіндегі саудагерлерді қағып кетті
Оқиға Нұр-Сұлтан-Щучинск тас жолында орын алған. Жол үстінде басқа көлікпен соғылудан қорғанамын деп, көлікті жол жиегінде орналасқан сауда нүктесіне қарай бұрып жіберген.
Сауда жасап тұрған 35-40 жастағы екі әйел әртүрлі
деңгейдегі жарақаттармен
ауруханаға жеткізілді. Көлік ішінде 20-25 жас шамасындағы екі жолаушы болған.
Олар дін аман.