Вайнерлерді қамауда ұстау мерзімі ұзартылды

by Depti
0 views

Танымал вайнерлер Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязовты қамауда ұстау мерзімі тағы екі айға ұзартылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Алматының тергеу соты вайнерлерді қамауда ұстау мерзімін іс материалдарымен танысу үшін тағы екі айға дейін ұзартты. Төребаев пен Шерниязов 20 сәуірден бері қамауда отыр. Олар Mudarabah Capital қаржы пирамидасын ұйымдастырды деген күдікке ілінген.

Еске салсақ, Mudarabah capital қаржы пирамидасына қатысы бар деген күдікпен бірнеше адам ұсталды. Олардың ішінде танымал блогерлер де бар. Вайнерлер Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязов қамауға алынды, бұған дейін олар кепілмен босатылған болатын. Ал Азимжан Саидбаев шетелге қашып кеткен. Қазір оны іздестіріп жатыр.

You may also like

This material is not allowed for publication, broadcast, rewritten or redistributed. ©2021 PenciDesign. All rights reserved. Market data provided by Market.com. Powered and implemented by Web Design Solution. Legal Statement. News and Informations data provided by Example.Com