Әлемде

Солтүстік Корея басшысы Путинге қолдау білдірді

12 маусымда КХДР төрағасы Владимир Путинге құттықтау жеделхатын жолдап, онда ел халқының атынан Ресейдің саясаты мен іс-әрекетін толық қолдайтынын айтты.

Жеделхатта Ким Чен Ын Ресей Федерациясының Президентін Ресей күнімен құттықтады.

«Сіздің басшылығыңызбен орыс халқы түрлі сынақтар мен қиындықтарды ерлікпен еңсере отырып, біздің халқымыз жан-жақты қолдау көрсетіп отырған елдің абыройын, қауіпсіздігі мен құқықтарын қорғау жолында әділ істі атқаруда зор табыстарға қол жеткізді»  делінген жеделхатта.

Сондай-ақ, КХДР Төрағасының достық пен тату көршіліктің ұзақ тарихы мен дәстүрі бар корей-орыс қарым-қатынасын жоғары бағалайтыны атап өтілді. Ол жаңа дәуір талабы мен екі ел халықтарының ұмтылысына сәйкес қарым-қатынастарды жан-жақты кеңейту және дамыту КХДР үкіметінің берік ұстанымы екенін түсіндірді.

«2019 жылғы сәуірде Владивостоктағы бірінші кездесуімізден кейін жаңа сын кезеңге өткен КХДР-Ресей достық пен ынтымақтастық қарым-қатынастары барлық салаларда одан әрі серпінді нығайып, дамитынына, сондай-ақ, оны қорғау жолында екеніне сенімдімін. Халықаралық әділеттілік пен жаһандық қауіпсіздікті қамтамасыз ету барысында  екі ел арасындағы тактикалық және стратегиялық ынтымақтастық тығыз болады» depti Ким Чен Ын.

Жеделхаттың соңында КХДР басшысы Путинге зор денсаулық, ал достас Ресей халқына амандық пен гүлдену тіледі.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button