АТЫРАУДА

АТЫРАУДА ЖАЯУ ЖҮРГІНШІ ҚАЙТЫС БОЛДЫ…

Атырауда көлік қаққан жаяу жүргінші жол жиегінде мерт болды.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, жол-көлік оқиғасы кеше, 25 ақпанда Атырау қаласында болған. «Шаһардағы «Тoyota Camry» көлігі түнгі сағат 22:00 шамасында Дүтбаев көшесіндегі жол жиегімен келе жатқан 59 жастағы жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Жол-көлік оқиғасының салдарынан жаяу жүргінші жол жиегінде қайтыс болды. Көлікті 28 жастағы жүргізуші басқарған», -деп мәлім етті департаменттің баспасөз қызметінен. Қазір полиция қызметкерлері аталған жол-көлік оқиғасына байланысты тергеу жүргізіп жатыр.

ҚазАқпарат

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button