АТЫРАУДА

АТЫРАУЛЫҚ ОТБАСЫЛАРҒА ТЕГІН БАСПАНА БЕРІЛУДЕ…

Махамбет ауылдық округінде әлеуметтік жағдайы төмен екі жанұяға пәтер кілттері табысталды, деп хабарлайды Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі.

Тәуелсіздік күнімен қатар келген айтулы шараға Атырау  облысы әкімінің орынбасары Қайрат Бекенов қатысып, қоныс иелерін құттықтады.

2021 12 16 b55abd9b 57e4 4123 8a2e 223e260f0273

–  Тәуелсіздік жылдарында еліміз әлеуметтік бағыттағы көптеген бағдарламаларды жүзеге асырды. Жұмыспен қамту, баспанамен қамту, өндіріс орындарын ашу арқылы, аймақтарды дамытуда айтулы нәтижелеріміз бар. Әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларына қамқорлық жалғаса береді, деді облыс әкімінің орынбасары Қайрат Бекенов. 

 «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасында бекітілген жоспарға сәйкес,  Махамбет ауданында биыл мұқтаж отбасына 6 үй беру жоспарлануда.

20211216141840 76484

 Алғашқы 2 бөлмелі, 2 пәтерлік тұрғын үйдің кілттері Эленора Аюсина  мен Мөлдір Аймағамбеттің отбасына табысталды.

 «Жеке үйлі болу – көптен күткен қуанышымыз. Мемлекет тарапынан көрсетіліп отырған қамқорлыққа ризамыз» дейді баспана иелері.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button