АТЫРАУДА

«ANTIKOR» орталығында білім-ринг интеллектуалды ойыны өтті

Атырау облысы Ішкі саясат басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлықа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Атырау облысы бойынша департаментінің қолдауымен, «Атырау – адалдық алаңы» жобалық кеңсесі қала тұрғындары арасында «Білім-ринг» интеллектуалды ойынын ұйымдастырды.

Іс-шараның басты мақсаты халықтың интеллектуалдық қабілеттерін дамыту, олардың назарын өзекті әлеуметтік мәселелерге аудару, сыбайлас жемқорлықты қабылдамаудың қоғамдық ахуалын қалыптастыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті насихаттау, жемқорлық деңгейін төмендету болып табылады.

Шара барысында «Атырау – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Альфия Адиева сыбайлас жемқорлықпен күресте осындай форматтағы іс-шаралардың маңыздылығы мен қоғам үшін қажеттілігін баса айтты.

Қоғамда тұрмыстық сыбайлас жемқорлық деңгейін азайту қоғамдағы ашықтық және парасаттылық қағидаттарын насихаттауды мақсат еткен білім-ринг интеллектуалды ойынын «Ораторлық өнер» мектебінің директоры Нұрлан Азаматов жүргізіп, логикалық және командалық талқыға салуға арналған сұрақтар арқылы ойынды қызықты өткізді.

Сайысқа 4 команда қатысып, тартысты ойын нәтижесінде жүлделі 1 орынды – «Атырау» телеарнасының командасы иеленсе, 2 орынды – Атырау мұнай және газ университетінің «AOGU» командасы, 3 орынды – Атырау мемлекеттік университетінің «Болашақ» командасы қанжығалады.

Жоба жетекшісі А.Адиева І, ІІ, ІІІ орын иегерлеріне дипломдар және бағалы сыйлықтар табыстап, қаламыздың белсенді жастарынан құралған «Қазына» командасын алғыс хатпен марапаттады.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button