Қауіпті инфекцияның таралу ошағы Атырау қаласы болып отыр деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Соңғы тәулікте өңірде коронавирустық инфекциямен 195 науқас анықталды. Атап айтқанда, Атырау қаласында Covid-19 жұқтырудың 129 жағдайы расталды. Скрининг нәтижесінде Теңіз кен орнында 13 науқас анықталды.
Инфекция облыстың аудандарында да таралуда. Жылыой ауданында – 16 жағдай, Индер ауданында – 1 науқас анықталған,
Қызылқоға ауданында- 12, Құрманғазы ауданында – 12, Мақат ауданында – 4, Махамбет ауданында – 8 адам.
Коронавирустық инфекциясы бар 131 науқаста ауру тиісті белгілермен өтуде. 64 адамда ауру белгілері жоқ.
Өткен тәулікте облыста коронавирустан 101 адам емделді.
Қазір 7 471 адам үй жағдайында, модульдік ауруханада – 177, екінші облыстық ауруханада – 144 пациент, фтизиопульманологиялық орталықта – 51, кардиоорталықта – 70, т/ж ауруханасында – 61 адам ем алуда, облыстық ауруханада – 35, жатақханада – 77,
аудандық инфекциялық стационарларда – 236. Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда – 340 науқас.
Айта кетейік, инфекцияның таралу қарқыны бойынша Атырау облысы “қызыл” аймақта.