Ақжайықтың аймаңдай аруы

by Depti
0 views

НАР ЖАЙЫЛАР КӨҢІЛДІҢ ЖАЙЛАУЫНДА, ҚЫЗМЕТ ДЕГЕН АДАМИ ПАРЫЗЫМЫЗДЫҢ АРБАУЫНДА ЖҮРІП УАҚЫТТЫҢ ЗЫМЫРАП ӨТІП ЖАТҚАНЫН АҢҒАРМАЙ ДА ҚАЛАМЫЗ. «ЖУЫРДА ӘЛИЯ БАЙЖАНҚЫЗЫНЫҢ ДҮНИЕДЕН ӨТКЕНІНЕ ЖЫЛ ТОЛАДЫ» ДЕГЕН ӘРІПТЕСІМНІҢ ХАБАРЫ ЖАНЫМА ЖАЙСЫЗ ТИДІ. ҚАЙРАН, ДҮНИЕ-АЙ, КӨШТЕН ЕРТЕ ӨТКЕН АҚЖАЙЫҚТЫҢ АЙМАҢДАЙ АРУЫ…

Өмір баспалдақтарының биігіне енді ғана қадам басқан б а л ғ ы н ш а ғ ы м д а болашағыма бақыт т і л е г е н а қ ж а р м а апайымның «Атыңа с а й ө м і р д і ң т е к бақытты сәттері ғана жан серігіңе айналғай, сіңлім!» деген биязы үні құлағыма келді. Бойымды сарғайған сағыныш шарпып өтті. Көргені көп қариялар « А д а м – д ү н и е г е қонақ» деп жиі айтатын. Солай бола тұрса да, ол армандарының шетіне енді жетіп, шегіне ұмтылған жаста еді ғой?! О с ы л а й ш а м е н алдағы шоғыр көш апалардың алдына түсіп, елдіктің сөзін сөйлеген тұлға туралы ой қозғауды ұйғардым. Қолым да қалам , көңілімде сан түрлі ой толғамдар…

Алғашында «Әлияш-ау, қыз болсаңда  сенің сойыңда сұңқардың серпіні бар… Басыңды бәйгеге тігіп, ағысқа қарсы жүзуің де содан… Қос қолдап қолдар халқың барында бүгінгінің Әлияларының бағы мен бабының жана түсетініне күмәнсіз с е н е м і н . . . » деп Ақжайықтағы сіңлісіне сенім білдірген Фариза Оңғарсынова падишамыздан асып не айта алармын деген де ой қылаң берді…

Әлия Бекқожиева – елімізде Тәуелсіздіктің туы көтерілген жылдары Елбасы алға қойған  мақсатты бастамалардың алғашқы қолдаушылардың бірі болған ұлт жанашыры. Еңбек десе, қанаттана түсетін қайсар қыз нарық қыспағы тұсында а л ғ а ш қ ы қ а д а м ы төрге өрлеген бизнес пен кәсіпкерліктің Атырау еліндегі алауын тұтандырушылардың бірі болды. Егеменді елді ң ер т еңіне көрегенділікпен көз тіккен Ұлтымыздың көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың өткен ғас ырдың 90 – шы жылдарының орт ашенінде Атырауға жасаған сапары кезінде Әлия Бекқожиеваның бойындағы сөнбес шырақтың алауын айқын байқап, өршіл қызға табысты болашақ тілеген-ді. «Атырау облысы Азаматтық Альянс» қоғамының президенті ойы терең, мейірімі мол асқақ ана болуы жолында жаңашыл қадамдарға жол ашты. Алға қойған ұлы мақсат жолында өз жігерін өзі қайраған Әлия Байжанқызының өмір жолы кейінгі ұрпаққа үлкен өнеге. Ө т к е н ж ы л ы Атырауда облыстық кәсіпкерлер палатасы өңірлік кеңесінің төрайымы, облыстың Іскер әйелдер кеңесінің және кәсіпкерлер мен ж ұ м ы с б е р у ш і л е р одағының төрайымы қызметін атқарған Ә л и я Б а й ж а н қ ы з ы Бекқожиеваны еске алу мақсатында «Бизнес – тану «Әлия» арнайы жүлдесінің алғашқы байқауы өткізілді. Оны облыстық кәсіпкерлік және индустриялық – и н н о в а ц и я л ы қ даму басқармасының қолдауымен «Атамекен» ҰКП іскер әйелдер кеңесі және кәсіпкерлер мен жұмыс берушілер одағы ұйымдастырды. Аталғ а н байқауға аймақта бизнесін дамытушы кәсіпкер ханымдар қатысып, жүлделі орындарды иеленді. Бұл бастама биыл да өз жалғасын табатын болады. Жалынды істердің ұйтқысы болып жүрген іскер апамыздың жанында жүріп, мейірім шуағына бөленген біз қандай бақытты едік. Жүрегі аппақ нұрдан жаралғандай осы бір аяулы жанның біздер үшін кішкентай жүрегі ұлпадай жұмсақ болатын.

Өмір – ылғи жұпарлы жеміс гүл ме?

Ой-жырасы болады тегістің де.

Адал , мөлдір қалпында қалу деген,

Оңай емес құбылған жер үстінде, – деп Фариза ақын жырлағанындай, Әлия әпкеміз өмірде құбылып көрмеген жан еді. Ол сонысымен асқақ еді, биік еді. Өмір-дариясында құлпыра жүріп, сейіл-серуенін ерте аяқтаған Әлия Байжанқызының есімі облыс жұртшылығының жүрегінде ұзақ жылдар бойы сақталатыны даусыз.

Бақытгүл ХАМЕНОВА,

Атырау облысы әкімінің орынбасары,

облыстық іскер әйелдер кеңесінің

төрайымы

You may also like

This material is not allowed for publication, broadcast, rewritten or redistributed. ©2021 PenciDesign. All rights reserved. Market data provided by Market.com. Powered and implemented by Web Design Solution. Legal Statement. News and Informations data provided by Example.Com