АТЫРАУДА

«АТЫРАУ – АДАЛДЫҚ АЛАҢЫ» АЗЫҚ-ТҮЛІК БАҒАЛАРЫНА ТЕКСЕРІС ЖҮРГІЗДІ(ВИДЕО)

Сыбайлас жемқорлықты алдын алу департаментінің тапсырмасы бойынша «Атырау-Адалдық алаңы»  Дина базарының бөлшек және көтерме сауда орындарындағы  азық-түлік бағасын қадағалау мақсатында тексеріс жүргізді. Тексеру барысында бірқатар әлеуметтік маңызды азық-түліктердің қымбат бағада сатылып жатқандығы анықталған. Мәселен пысық саудагерлер картоптың 1 келісін 160 теңгемен сатса,  бұл тауар түрінің көтерме бағасы 115 теңгені құраған. Ал бөлшек сауда орындарындағы негізгі бағасы 99 теңгеден аспауы тиіс.   25 келілік ұннық бағасы  білдей 1000 теңгеге көтеріліп 5500 теңгеде сатылып жатыр. «Сәлем»  маркалы макароны 800 теңгеден 1115 теңге қымбаттап кеткен. Дегенмен, қымбаттау анықталса да, атыраулықтар бұл бағаға бек риза .

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button