АТЫРАУДА

АТЫРАУ» КОМАНДАСЫ «АҚТӨБЕНІ» ЖЕҢДІ

Футзалдан Қазақстан Чемпионатының кезекті турында «Атырау» өз алаңында көршілес «Ақтөбені» қабылдады. 

Тартысты өткен қос батыстық клубтың арасындағы ойын 3-0 есебімен аяқталып, жерлестеріміз жеңіске жетті.

Ойынның алғашқы бөлігінде қос ұжымның қақпашылары сауатты ойнап, тең есеп тіркелді. Алайда екінші таймда «Атырау» дегеніне жетіп, алдымен Пекеньо қос гол соғып, артынша Эвертон ойын нүктесін қойды. 

Айта кетейік, короновирустың алдын алу мақсатында «Атырау» спорт кешенінде өткен ойын жабық түрде жанкүйерсіз өтті. Сонымен қатар қалалық чемпионаттағы ойындардың бәрі осы себеппен кейінге қалдырылды.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button