АТЫРАУДА

АТЫРАУДАҒЫ ТОЙХАНАЛАРҒА РЕЙД ЖҮРІП ЖАТЫР

Желіде той үстіндегі халықты үйіне таратып жатқан бейнежазба пайда болды. Желі қолданушыларының бірі сақтық шаралары екендігін түсінсе, бірі «қаншама ақша шашып жасалған той» -деп келіспеушіліктерін білдірді. Жалпы тойлардың өтуіне байланысты тиісті органдарға сұрақ жолданды.

«Бұл Атырау облысындағы оқиға емес. Атырауда мұндай фактілер тіркелмеді.  Кәсіпкерлік басқармасы, «НұрОтан» партиясымен бірлескен жедел топ рейд жүргізіп жатыр.  Той, қаде яғни адамдар көп шоғырланатын жиын өтсе, кәсіпкерге (тойғана иесіне) айыппұл салынады» – depti Атырау облыстық кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы Айқын Елеусізов.

Айта кету керек,  ҚР Президенті  16 желтоқсаннан бастап ТЖ режимін енгізді. Той, қаде және т.б. адамдар көп шоғырланатын шараларға тыйым салынды.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button