Каспий түбін тереңдетеу жұмыстары қалай жүргізіліп жатыр? (+ВИДЕО)

by Depti
0 views

Каспий теңізі деңгейінің төмендеуі мен NCOC компаниясының Қашаған кен орнындағы өндірістік нысандары аймағында тайыздануы кемелер қозғалысын едәуір шектейді.

Бұл мәселе үздіксіз өндірістік процестерді жүзеге асыруға және теңіз нысандарында тіршілікті қамтамасыз етуге елеулі қиындықтар тудырумен қатар төтенше жағдайлар орын алса, адамдарды эвакуациялаудың жалғыз тәсіліне тосқауыл болады. Осыған байланысты NCOC компаниясының теңіз кешені нысандарына кемелер қатынайтын қазіргі маршруттар бойындағы ерекше тайыз учаскелерде су түбін тереңдету жұмыстарын жүргізу қажеттілігі туындады. Үкіметтік емес ұйымдар, қоғам белсенділерінің және ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті қатысқан дөңгелек үстел нәтижесінде берілген ұсыныстарының бірі жоба орындалу барысы туралы кеңінен хабардар ету еді. Осыған орай жобамен таныстыратын бейнематериалды назарларыңызға ұсынамыз.

Мөлдір Махмудаева, БАҚ-пен қарым-қатынас орнату жөніндегі кеңесші

(North Caspian Operating Company N.V.)

You may also like

This material is not allowed for publication, broadcast, rewritten or redistributed. ©2021 PenciDesign. All rights reserved. Market data provided by Market.com. Powered and implemented by Web Design Solution. Legal Statement. News and Informations data provided by Example.Com