АТЫРАУДА

«ҚАЗМҰНАЙГАЗ» КОМПАНИЯСЫ АУҚЫМДЫ САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫНА КӨШТІ

«ҚазМұнайГаз» компаниялары тобы қызметкерлерінің қауіпсіздігін барынша қамтамасыз ету бойынша ауқымды шаралар қабылданып жатқанын хабарлады.

«Офистік және өндірістік ғимараттарда дезинфекция жұмыстары жүргізілуде және қызметкерлер арасында жеке гигиенаны сақтау шаралары туралы түсіндіру жұмыстары өткізілуде;

ҚМГ компаниялары тобы бойынша қызметкерлердің Қазақстан аумағында, сондай-ақ шетелге іссапарларының барлығына тыйым салынды;

Барлық көпшілік іс-шаралар тоқтатылды;

Өндірісте адамдар көп жиналатын жерлерде дезинфекция жүргізу, сондай-ақ қызметкерлердің дене қызуын өлшеу бойынша барлық қажетті шаралар қабылдануда;

Әкімшілік қызметкерлердің кемінде 50%-ы қашықтықтан жұмыс істеу тәртібіне ауысуда;

Орталық аппарат пен барлық еншілес ұйымдарда арнайы жедел штабтар құрылды.

ҚМГ үшін қызметкерлердің қауіпсіздігі және үздіксіз өндірістік қызметті қамтамасыз ету ерекше басымдыққа ие екенін атап өтеміз», – делінген ұлттық компанияның баспасөз қызметі берген мәлімдемесінде.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button