АТЫРАУДА

АТЫРАУ ОБЛЫСТЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЭКС-БАСШЫСЫНА ҮКІМ ШЫҚТЫ

Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасының бұрыңғы басшысы Маншүк Аймұрзиеваға қатысты «Салғырттық» бабы бойынша Сыйбайлас жемқорлықпен күрес қызметі іс қозғаған. Өзі басқарған уақытта қызметіне немқұрайлы қарағаны үшін айыпталды( 2017-2019). Тергеу барысында тоңазытқышта мерт болған баланың статистикасынан бірнеше келіспеушіліктер  мен олқылықтар анықталған. М.Аймұрзиева басшы болып тұрғанда облыстық перзентханадағы орын алған ахуал, атап айтқанда бас дәрігер мен оның қарамағындағы қызметкерлердің нәресте өлімі бойынша істі болуы.  

Экс-басшы бірінші қаралымда өз кінәсін мойындап, процессуалды келісімге келуге ниет білдірді. Сот үкімі шықты.

Маншүк Аймұрзиева  кінәлі деп табылып, 5 млн теңге (2 АЕК) көлеміндегі айыппұл жазасына кесілді. Сонымен қатар, 3 жыл  медицина саласында жоғары лауазымды қызмет атқару құқығынан айырылды.

Дереккөз: ATPress.kz

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button