АТЫРАУДА

АТЫРАУДА ЖОЛ АПАТЫНАН 5 АДАМ КӨЗ ЖҰМДЫ

Атырау облысында күрделі жол-көлік оқиғасы орын алып, бес адам оқиға орнында көз жұмды.

Бүгін таңертең Құлсары-Тенгиз тас жолында Жылыой ауданы Теңіз вахталық кентінен 25 км қашықтықта екі автокөлік соқтығысты. Ресейлік есепте тұрған Chevrolet Aveo маркалы көлігінде Қазақстанның 4 азаматы болған. Олардың барлығы апат орнында қаза тапты. Қарама-қарсы бағытта келе жатқан “Лада 2131” маркалы екінші көлікте Батыс Қазақстан облысының тұрғындары келе жатқан.

«Жүргізуші алған жарақаттан оқиға орнында қаза тауып, жолаушы ауруханаға жеткізілді. ҚР Қылмыстық Кодексінің 345-баптың 4-бөлігі (Абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан Жол қозғалысы ережелерін бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Орын алған оқиғаның мән-жайы мен себептері тағайындалған сараптамалар жүргізілгеннен кейін анықталады», – деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.


Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button