АТЫРАУДА

Екпе екпесең, дәрігерге өкпелеме

«2019 жылы облыс бойынша 774 қызылша ауруының дерегі тіркелді. 9-10 айлық мерзіміндегі 11097 балаға қызылшаға қарсы екпе салу жоспарланып, оның 10387-сі қамтылды. 40 жасқа дейінгі медицина қызметкерлеріне 100 % екпе салынды.

Облыс халқы арасында қызылшамен сырқаттанудың өршуін тоқтату мақсатында 20-29 жас аралығындағы жастар 90 % көлемінде екпемен қамтылып отыр. Жаппай қызылшаға қарсы екпенің нәтижесінде 2019 жылдың бірінші жарты жылдығымен салыстырғанда екінші жарты жылдығында облыс бойынша аурушаңдық деңгейі 70 есеге жуық төмендеген,»- депті Атырау облысы тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары Амантай Жұмағалиев Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында.

Бұдан бөлек тұмау, парагрипп, сібір жарасы, және әртүрлі вирустарға қарсы вакцинациялау мен ревакцинациялау жоспарлы түрде жүргізілген.

«Жұқпалы дертке шалдығатындардың дені облыс орталығының тұрғындары және балалар. Оған себеп кейбір теріс діни ағымдағы ата-аналар әлі күнге дейін тегін екпеден бас тартуында» деп түйіндеді сөзін аталған спикер.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button