«Үміткерлер ауылдың тыныс-тіршілігімен жақсы таныс»

by Depti
0 views

Дамба ауылының тұрғыны Жасталап Құспанов таңертең бүкіл отбасымен бірге  №68 сайлау учаскесі орналасқан Амангелді атындағы орта мектепке дауыс беруге келді, деп хабарлайды Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі.

“Мен өз әкімімізді өзіміз таңдайтынымызға қуаныштымын. Менің ойымша, шынымен лайықты адамға дауыс бердім. Мен туған ауылымның тек өркендегенін қалаймын. 40 жылдан астам уақыттан бері мен осы ауылда «Амангелді» өндірістік кооперативінде жұмыс істеймін. Жыл сайын ауылда кәсіпкерлік нысандары пайда болып, әлеуметтік нысандар салынып жатқаны қуантады.

Балалар көрші ауылға қоғамдық көліктермен баруы керек. Осы мәселелердің барлығы жаңа әкімнің бақылауында болатынына сенімдімін. Өйткені, үш үміткер де осы жерде туылған және ауыл тұрғындарының мәселесін іштен білетін адамдар” деді Жасталап Құспанов.

Ләззат СӘЛІМОВА

You may also like

This material is not allowed for publication, broadcast, rewritten or redistributed. ©2021 PenciDesign. All rights reserved. Market data provided by Market.com. Powered and implemented by Web Design Solution. Legal Statement. News and Informations data provided by Example.Com