АТЫРАУДА

АТЫРАУЛЫҚ ӘЙЕЛ ПОЛИЦИЯҒА КЕДЕРГІ ЖАСАДЫ (ВИДЕО)

15 наурыз күні сағат 21:30 шамасында «Атырау» ықшам ауданында патрульдік полиция қызметкерлерімен қауіпсіздік белдігін тақпаған жүргізуші тоқтатылды.

«ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 593-бабы 2-бөлігімен жүргізушіге хаттама толтыру барысында, жүргізуші оқиға орнына өзінің танысы О. есімді азаматшаны ұялы телефоны арқылы шақыртқан. Аталған азаматша жүргізушіге хаттамаға қол қоймауына үгіттеп, полиция қызметкерлерінің қызметтік міндеттерін атқаруына кедергі жасады», – деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.

Осыған байланысты 1983 жылғы азаматшаға қатысты ҚР ӘҚБтК 667 бабымен хаттама толтырылып, әкімшілік мамандандырылған соттың 2020 жылғы 16 наурыздағы қаулысымен 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button