АТЫРАУДА

АТЫРАУҒА 100 МЫҢ ДАНА МЕДИЦИНАЛЫҚ МАСКА КЕЛЕДІ

Бүгінде қаладағы дәріханаларда 8400 дана медициналық маска қалған. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Атырау облысы Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары Амантай Жұмағалиев айтты.

«Бір реттік қолданатын масканың жоғалып кеткен себебі – халық арасында сұраныстың көбеюінен. Өйткені, халық масканы киіп жүруім керек деп ойлайды. Бізде маска киетін ешқандай да вирус тарап жатқан жоқ. Егер адам ауырып қалған жағдайда, басқа адамдарға жұқпас үшін ғана бетперде киеді. Ал оларды дәріханаларға әкелетін кәсіпкерлер. Сондықтан, бүгінгі күні масканың жетіспеуіне байланысты осы айда 100 мың дана көп реттік қолданатын маска келеді», – дейді тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары Амантай Жұмағалиев.

Оның айтуынша, облыс көлемінде 300 дәріхана бар. Осыдан бір ай бұрын дәріханаларда 300 мыңнан аса медициналық маска болған.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button