АТЫРАУДА

АТЫРАУ ПРОКУРОРЛАРЫ МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУДА

Атырау қаласының прокуратурасы уәкілетті органмен мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға қолайлы жағдай жасалмай 8 әлеуметтік объектінің құрылысын жоспарлау фактілерін анықтады.

Атап айтсақ, «Өрлеу» бала-бақшасының жобалық-сметалық құжаттамасы (ЖСҚ) бойынша пандус ұзындығы – 7,4 метр және биіктігі – 0,9 метр көзделген. Алайда, заңға сәйкес көрсетілген биіктікте оның ұзындығы – 10,8 метрден кем болмауы тиіс.

Атырау облыстық прокуратурасының баспасөз қызметінің хабарлауынша, қабылданған прокурорлық шаралармен барлық 8 объектінің ЖСҚ-лары заңға сәйкес келтіріліп, мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың құқықтары қорғалды.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button