АТЫРАУДА

АТЫРАУДА ВАХТАЛЫҚ ӘДІСПЕН ЖҰМЫС ІСТЕЙТІН КӘСІПОРЫНДАРДА ОҚШАУЛАУ ОРЫНДАРЫ ДАЙЫН

Өңірімізде коронавирус инфекциясының тарау қауіпінің алдын алу және санитарлық – эпидемиологиялық шараларды күшейту мақсатында мәжіліс өтті.

Бұл туралы облыс әкімі Махамбет Досмұхамедов өзінің әлеуметтік желісінде жазады.

Ірі кәсіпорын өкілдері өңірде аталған қауіптің алдын алу үшін бірлесіп әрекет етуге мүдделі екендерін атап өтті. Вахталық әдіспен мыңдаған адам жұмыс істейтін ірі кәсіпорындар арнайы оқшаулау орындарын дайындап, медициналық мамандардың қырағылығын арттырған.

«Ірі кәсіпорын жетекшілері облыстық денсаулық сақтау басқармасымен қоян-қолтық жұмыс істеуді күшейтеді. Тиісті сала басшыларына қауіпсіздік шараларын күшейтуге бірқатар тапсырма бердім», – дейді аймақ басшысы.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button