АТЫРАУДА

БАС ИМАМ ЖЕЛІДЕГІ АҚПАРАТҚА ҚАТЫСТЫ ТҮСІНІК БЕРДІ

Интернет желісінде кеңінен тарап кеткен «Коронавирус қаупіне байланысты Қазақстанда мешіттерге баруға тыйым салынды» деген ақпаратқа тарауда. Бұл мәселеге қатысты Атырау облысының бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы түсінік берді.

«Бұл негізсіз ақпарат. Мешіттер қалыпты режимде жұмыс істеуде. Намаз бес уақыт оқылып жатыр», – деді бас имам.

Имамның айтуынша, кімде-кім осындай бір ауруға душар болатын болса, мұндай жағдайда мешітке келудің қажеті жоқ. Осы сөзді кей адамдар негізсіз себеп ретінде алып, «мешітке бармау керек», «намаз оқымау керек» деген бағытта жалған ақпарат таратуда.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button