АТЫРАУДА

«АТЫРАУ ОБЛЫСЫ СУ АРНАСЫ» КММ: ТЕМІР ШЕБЕРІНЕН БАСТАП ДИРЕКТОРЛЫҚҚА ЖЕТТІ

«Атырау облысы Су Арнасы» КММ:  директоры болып Кенжегалиев Арман Ізтлеуұлы тағайындалды.

Кенжегалиев Арман Ізтлеуұлы 10.10.1978 жылы  Гурьев қаласында дүниеге келген.

2004 жылы «Сумен жабдықтау және су қорын қорғау» мамандығы бойынша Архитектура-құрылыс академиясын аяқтап, 2010 жылы «Транспорт, транспорттық техника және технология» мамандығын Атырау мұнай-газ институтында тәмамдаған.

Еңбек жолын 1996 жылы темір шебері (сласарь) болып бастап, «Атырау Су Арнасы» КММ бас инженеріне дейін көтерілген.

Соңғы уақытта «Атырау Су Арнасы» КММ  уақытша директоры қызметін атқарған.

Кенжегалиев Арман Ізтлеуұлы үйленіп, бес баланы тәрбиелеп отыр.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button