АТЫРАУДА

ҚАРАБАТАНДА АТЫРАУЛЫҚ АЗАМАТ ҚАЙТЫС БОЛДЫ

3 наурыз күні Қарабатан өндіріс орнында NCOC компаниясына мердігер ұйымның қызметкері қайтыс болды. Бұл жағдайды компанияның баспасөз қызметі растап отыр.

«NCOC компаниясына мердігер Kaz M-I компаниясының қызметкері Ветернас вахталық аулынындағы өз бөлмесінде жұмыс уақытынан тыс жағдайда қайтыс болған. Оның денесін  Kaz M-I қызметкерлері таңғы уақытта ес-түссіз жағдайда тауып алған» – depti NCOC компаниясының баспасөз қызметі.

Алдын ала тексеру барысында марқұмның денесінде күш қолданған белгілер табылмаған.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button