АТЫРАУДА

МАЛ ҰРЛАҒАНЫ ҮШІН 2 АЙҒА ҚАМАУҒА АЛЫНДЫ

Исатай аудандық сотының тергеу судьясы аудандық полиция бөлімі тергеушісінің 2 күдіктіге қатысты 2 ай мерзімге «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасына санкция беру туралы өтінішін қарады.

«Сотқа дейінгі тергеу органымен олар ҚР ҚК-нің 188-1-бабының 3-бөлігінің 2 тармағымен (мал қораның ауласына кірумен жасалған мал ұрлау) көзделген қылмысты жасады деп күдіктелуде», – деп хабарлады Исатай аудандық сотының баспасөз қызметі.

Тергеу судьясы күдіктілерге қатысты 2 ай мерзімге «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берді.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button