COVID-19АТЫРАУДА

«АУРУХАНАДА ОРЫН ЖОҚ» ДЕГЕН МӘЛІМЕТ РАСТАЛМАДЫ

№2 Атырау облыстық ауруханасында инфекциялық керуеттердің толық болып, орын жоқтығы жөнінде жарияланған видеоролик бойынша ақпараттың анық-қанығы белгілі болды.

Қазіргі танда ауруханаға қайталап түскен науқастар арасында жағдайы ауыр болып, жансақтау бөлімшесіне түскендері болған жоқ.

Эфирде көрсетілген оқиға осыдан 2 апта бұрын орын алған. Қазіргі  жағдаймен салыстырғанда аурушандықтың 30 %-ға төмендегені байқалады.

Сонымен қатар, соңғы аптада ЖРВИ-мен ауыратын балаларды емдеуге арналған төсектердің қамтылу көрсеткіші 99,6%-дан 87%-ге төмендеді. Бүгінгі күні ауруханада бос орын жеткілікті.

Облыс бойынша балаларға арналған «ЖРВИ» бөлімшесіне 270 керуерт, оның ішінде №2 Атырау облыстық ауруханасында  балаларға арналған 85 керуерт қызмет атқарады. (65 инфекциялық және 20 пульмонологиялық)
Сонымен қатар, резервте тұрған 60 керуеті ЖРВИ бөлімшесіне бейімделді.
 
Атырау облысы
Денсаулық сақтау басқармасы
 

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button