АТЫРАУДА

ЕСІРТКІ ЖАРНАМАЛАҒАН 78 САЙТ АНЫҚТАЛДЫ

Атырау облыс аумағында есірткі қылмыстары мен нашақорлыққа қарсы іс-әрекет жүргізу, олардың алдын алып, жолын кесу барысында интернет желісіне мониторинг жасалды.

«Өткен жылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес жаңа психобелсенді және синтетикалық есірткі түрлерінің тізімдері көбейтілген болатын. Осы тізімдегі синтетикалық есірткі түрлерін заңсыз әлеуметтік желілер арқылы сатып тарату қылмыстарының алдын алу мақсатында, интернет-құрылғыларына үнемі негізде мониторинг жүргізіліп, нәтижесінде есірткі құралдарын ғаламтор жүйесі арқылы жарнамалайтын 78 сайт анықталып, барлығы уақытында бұғатталды» – depti Атырау облыстық ПД басшысы Үмбетқалиев Қамза Бақтығалиұлы.

         2019 жылы  есірткімен байланысты 142 құқық бұзушылық тіркеліп,заңсыз айналымнан 13 кг-нан аса есірткі заты тәркіленген.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button