Әлемде

ҚАЗАҚ ҚЫЗЫ КРИСТИАН ДИОРДЫҢ МУЗАСЫ БОЛҒАН

50-60 жылдары күллі Еуропаны өзіне қаратып, аты аңызға айналған кутюрье Кристиан Диордың ұзақ жылдар бойы  музасы болған Алла Ильчун  туралы деректі фильм түсірілді. Парижды бағындырған қазақ қызының шым-шытырық тағдыры  мен өнердегі жолы туралы былтыр кітап жазған Берлин Иришев осы жолы жаңа туындысын ұсынды.

Қытайдың Харбин қаласында туып-өскен Алла, Екінші дүниедүзілік соғыстан  кейін анасымен бірге Францияға көшіп кеткен. Әкесі Қуанхан Елшін отбасын Еуропаға аттандыруға көмектесіп, өзі елден шыға алмай қалған. Алланың әкесінің әріқарайғы тағдыры белгісіз. Қуғын-сүргінге ұшырап кеткен деген деректер бар. Алла еліміз Тәуелсіздік алғанға аз қалғанда 1989 жылы 62 жасында дүниеден өзған.

Франция астанасы Парижді бағындырған қазақ қызын қалың елге танымал еткен кітап авторы, жазушы, дипломат Берлин Иришев зерттеу жұмыстарын жалғастырып, көрермендерге тың деректерге толы «Алла – Шығыстан шыққан Dior-дың маржаны» атты туындысын ұсынды.

Алланың жалғыз ұлы Марк Парижде тұрады. Бұрын әскери азамат болған, қазір фотограф болып жұмыс  жасайды, бойдақ.

Алламен бірге қызмет етіп, араласқан Александр Васильев оның қазақ қызы екендігін кездейсоқ білгенін айтты. Ол Франция азаматтығын алғаннан кейін ашып айтқан. Модель өмірінің соңына дейін қудалаудан қорқып, жеке өмірі туралы тіс жармаған.

Дәл осы Алла әлі Еуропада шовинистік көзқарастар өршіп тұрғанда бірінші болып азиаттық модельдерге жол ашып берді.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button