АТЫРАУДА

МАЛ ҰРЛАҒАНДАР 5 ЖЫЛДАН 12 ЖЫЛҒА ДЕЙІН СОТТАЛАДЫ

Атырау облыстық тасжолдарда мал тасымалдайтын автокөліктер тексеріліп, тиісті құжаттарсыз тасымалданған 595 мал басы қоршауларға қамалып, оларды заңсыз тасымалдаған 85 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 2018 жылы  77 жауапкершілікке тартылса, 2019 жылы бұл сан өскен.

Қазіргі кезде мал ұрлығының басты себебі – малды қараусыз, ұйымдастырмай бағу. Тіркелген 80 мал ұрлығы қылмысының 64-і немесе 80,0%-ы  жайылымдардан ұрланған.

Бұл мәселені жою ұшін Облыстық ПД жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, меншігінде малы бар адамдарға бақташы алу керектігіне байланысты түсіндіру жұмыстары жүргізілген.

Айта кету керек, мал ұрлығын жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікті қатаңдату бойынша жеке нормасы енгізіліп (ҚР ҚК-нің 188-1 бабы «Мал ұрлығы»), онда қылмыс жасаған тұлғаны 5 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы белгіленді.  

Ә.Талғатқызы

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button