COVID-19: 166 мың атыраулық екпе алған

by Depti
0 views

Атырау облысының 166 мың тұрғыны Covid-19-ға қарсы екпе алды.

Вакциналардың толық кешенімен 120 мыңнан астам адам егілді, деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Өңірде халықты Covid-19-ға жаппай вакцинациялау жалғасуда.
16 тамыздағы мәліметтер бойынша, бойынша коронавирустық инфекцияға қарсы вакциналардың I компонентін 1949 жергілікті тұрғын алды, II компонентпен 1192 адам егілді.

2021 жылғы 1 ақпан мен 16 тамыз аралығында барлығы Covid-19-ға қарсы вакциналарының I компонентімен 166 269 адам егілді.  II компонентімен 120 651 жергілікті тұрғын егілді.

Естеріңізге сала кетейік, өңірде халықты вакцинациялау бойынша колл-орталық жұмыс істейді. Емханалардағы вакциналар туралы ақпаратты мына нөмір бойынша алуға болады: 98 – 02 – 92.

You may also like

This material is not allowed for publication, broadcast, rewritten or redistributed. ©2021 PenciDesign. All rights reserved. Market data provided by Market.com. Powered and implemented by Web Design Solution. Legal Statement. News and Informations data provided by Example.Com