АТЫРАУДА

АТЫРАУДАҒЫ ПӘТЕРДЕ МАСА ҚАПТАП КЕТКЕН

Вокзал мөлтек ауданындағы пәтерлердің бірін маса қаптап кеткен. Тұрғындар пәтердің ішіне кіріп шығу мүмкін емес деп шағымдануда.

Ал қалалық ТКШ бөлімінің айтуынша, қазіргі уақытта масаларды улау жұмыстарын жүргізу үшін мердігер анықтау мақсатында конкурс жарияланған.

«Мердігер анықталғаннан кейін улау жұмыстары жүреді. Ал, тұрғын үй қатынастары заңына сәйкес, көпқабатты тұрғын үй тұрғындардың жекеменшігі. Ал, ондағы жертөле, инженерлік жабдықтар өзгеде құралдар тұрғындардың ортақ мүлігі. Сондықтан, тұрғын үй аумағында туындаған кез келген мәселені тұрғындар өзара бірігіп шешулері керек»,- деді қалалық ТКШ бөлімі.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button