АТЫРАУДА

АТЫРАУДА БРАКОНЬЕРЛЕР МЕМЛЕКЕТКЕ 400 МЫҢ ТЕҢГЕ ЗАЛАЛ КЕЛТІРГЕН

Атыраулық екі азамат 25 қаңтар күні 06 сағат 30 минут шамасында «Жаркөсе» учаскесінде балық аулауға тыйым салынған 200 метр ау-тор құралымен балық аулаған.

Ұсталған кезде құқық бұзушылардан балықтар табылған, олардың әрекетінен мемлекетке 459 683 теңге көлемінде материалдық залал келтірілген.

«Құқық бұзушылардың әрекеттері ішкі істер органдарымен ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 383- бабының 3-бөлігі бойынша дәрежеленген. Алайда, сотта құқық бұзушылардың әрекеттерінде ҚР Қылмыстық Кодексінің бабында көзделген әрекеттер бар екендігі анықталған», – деді Атырау облыстық сотының баспасөз қызметі.

Сот қаулысымен айыпталушыларда қылмыс белгілері болуына байланысты іс құжаттары аудан прокурорына қылмыстық жауапкершілігі туралы мәселені шешуге жолданды.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button