АТЫРАУДА

АТЫРАУДА НЫСАНДАРДЫ ЖӨНДЕУГЕ БӨЛІНГЕН БЮДЖЕТ МӘЛІМЕТТЕРІ ЖАРИЯЛАНДЫ

 «Ашық бюджеттердің интерактивті картасының» жұмысын одан әрі жүргізу мақсатында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Атырау облысы бойынша департамент басшыларының қатысуымен семинар-кеңес өткізді.

«Қазіргі уақытта, «Ашық бюджеттердің интерактивті картасында» облысымызда жүргізіліп жатырған құрылысқа, жол құрылысына, құбырлар жүргізуге және әр түрлі нысандарды жөндеуге бөлінген бюджеттер жөніндегі мәліметтер толығымен жарияланды.  Сондай-ақ, ведомстволық бағынысты мекмелерді ұстауға бөлінген бюджеттері жөніндегі мәліметтер аталған картаға ақпарат ретінде енгізілді» – depti Атырау облысы Сыйбайлас жемқорлықпен күрес департаментінің баспасөз қызметі.

Айта кету керек, мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің барлық аумақтық департаменттерімен «Ашық бюджеттердің интерактивті картасы» жобасы республиканың әр өңірлерінде жүзеге асырылу керектігін айтты.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button