АТЫРАУДА

АТЫРАУДА ОРТАЛЫҚ МЕШІТТІҢ САЙТЫ ӨЗГЕРДІ

10 наурыз күні Атырауда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Атырау облысы бойынша өкілдігі, «Иманғали» орталық мешітінің amin.kz ресми сайтының таныстырылымы өтті.

«Басты ерекшелік – сайт түрлі айдарларды жинақтап отыр. Бас мүфти бағаны, бас имам бағаны, жаңалықтар, мақалалар, сұхбаттар, ғибратты әңгімелер, сұрақ-жауап бөлімімен бірге, «Онлайн дәрістер» жобасы іске қосылып отыр. Бұл айдарда білікті мамандардың тәпсір тақырыбы бойынша сабақтары мақала түрінде беріліп отырады. Яғни, бұл – сайт арқылы тұрақты сабақ алуға мүмкіндік бар деген сөз.

img 20200310 wa0016 768x512 1

Біздің мақсатымыз – дінге қызығушылық танытқан интернет қолданушыларын мейілінше шынайы, сапалы ақпарат көзімен қамтамасыз ету», – depti Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы.

Басты ерекшелік сол, сайт тәулігіне 24 сағат жаңартылып тұрады. Әрі сайтта дін мен дәстүр сабақтастығы айқын көрініс тауып отыр.

Бұған дейін мешіт жаңалықтары жарияланып келген “ислам-атырау.кз” сайтының домені енді жабылды.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button