АТЫРАУДАСАРАПТАМА

КВИЗ – ӘЛЕМ БОЙЫНША ҚАНАТЫН КЕҢГЕ ЖАЙЫП КЕЛЕ ЖАТЫРҒАН ОЙЫН

Квиз (ағылшынша  “quiz” –сұрақ, тапсырма) – бұл қатысушылар аз уақыт ішінде әртүрлі саладағы сауалдарға жауап беретін топтық интеллектуалды сайыс. Өту форматы бойынша «Что? Где? Когда?» немесе «Брейн ринг» ойындарына қатты ұқсайды. Бірақ квизда командалар әлдеқайда көп болады. Ойын 7 раундтан тұрып, әр командадағы ойыншылардың саны 2 мен 9-дың арасында құбылады.

   Әлемнің 200-ге жуық қаласында бар ойын 2019 жылдың мамыр айынан бастап Атырау қаласында да ұйымдастырылуда. Қазіргі таңда ауқымы кеңейіп аптасына бірнеше мәрте «Restopub Clover» ресторанында  өтіп жүр, тек өкініштісі орыс тілінде ғана.

  Қатысамын деушілер quizplease_atyrau инстаграм парақшасына жаза алады.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button