АТЫРАУДА

АТЫРАУДА БИЫЛ 16 ЖАЛДАМАЛЫ ТҰРҒЫН ҮЙ ТАПСЫРЫЛАДЫ

2019 жылдың қорытындысы мен 2020 жылға жоспар жөнінде тұрғындар алдында есеп берген Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов облысымызда тұрғын үй құрылысы қарқынды жүруде екенін хабарлады.2019 жылы облыс бойынша жалпы ауданы 933,7 мың шаршы метр 7146 пәтерлік тұрғын үй салынды. «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша өткен жылдан бері 77 көпқабатты тұрғын үй салынып жатыр (жалпы ауданы 5,5 мың пәтерден астам). Бүгінге дейін оның 31-і пайдалануға берілді.

whatsapp image 2020 02 19 at 10.18.311
  • Биыл 16 жалдамалы тұрғын үй тапсырылады. Қазір облыс бойынша мемлекеттік тұрғын үй қорынан пәтер алу кезегінде 28 301 адам тұр. Былтыр осы тізім бойынша 470 адам баспаналы болды, – деді облыс әкімі.
    Апатты жағдайдағы, тозығы жеткен үйлерге қатысты да мәселе көтерілді. Қазір облыс бойынша осындай үйлердің саны – 87. Атырауда – 79 үй, қалғандары Мақат, Жылыой, Құрманғазы аудандарында. 2019 жылы апатты жағдайдағы 4 жатақхананың тұрғындары Жұлдыз, Береке ықшам аудандарындағы жаңа үйлерге қоныстанды.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button