АТЫРАУДА

БИЫЛ ЖАЙЫҚ,ҚИҒАШ ӨЗЕНДЕРІН ТЕРЕҢДЕТУ ЖҰМЫСТАРЫНА 2,4 МЛРД ТЕҢГЕ ҚАРАЛЫП ОТЫР

Бұл туралы 2019 жылдың қорытындысы мен 2020 жылға жоспар жөнінде тұрғындар алдында есеп берген Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов айтты.
Жайық, Қиғаш өзендеріндегі түп тереңдету жұмыстары 2017 жылы басталды. Осы мақсатқа аймақта 7,1 млрд теңгеден астам қаражат бағытталды. Жұмыстың жалпы ұзындығы – 214 км.

whatsapp image 2020 02 19 at 10.51.52
  • Жайық өзенінде, Құрманғазы, Жарқосын, Яицкий каналдарында балықтардың кедергісіз өтуі үшін түп тереңдету жұмыстарын жүргізудің мақсаты – балық қорын сақтау, балықтың табиғи өсіп-өнуіне жағдай жасау, – деді облыс әкімі.
    Жалпы ұзындығы – 91,1 км түп тереңдетіледі. 2020 жылы осы мақсатқа 2,4 млрд теңге қаралып отыр. Түп тереңдету жұмыстары биыл аяқталады.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button