АТЫРАУДА

АТЫРАУДА ӨРТЕНГЕН ҮЙДІ ТОНАП КЕТКЕН

Атырауда 15 ақпан күні Махамбет Өтемісұлы 121 үйдің шатыры өртенген. Белгілі мәліметтерге сүйенсек өрт 5 қабаттағы үйдің қылтимасынан (балкон) басталған. Бүгін арнайы мамандар тиісті жұмыстарды жасап жатыр. Алайда, өрт шыққан үй мен оның көршісінің үйін бәз біреулер тонап кеткен.

«Өрт сөндірушілер үйді ашып, қарады. Содан газ бен жарық болмайтынын айтып,  кешкі 20:30 шамасында есікті жауып кеттім. Полицияның бастығынан  оқиға болған жерімізді күзетіле ме дегенімде, кезекпен күзетілетінін айтты. Таңғы сегіз жарымда телефон соғып, үйіме келсем барлығын қопарып, есігімді сындырып, бағалы заттарды алып, емін еркін сок ішіп отырған.  Үйімнің ішіне өрт кірмеген. Тек қара түтін алып кеткен. Әкім орынбасары әр үйді аралады, өртті сөндіру кезінде пайдаланылған су үйіме кіріп, екі бөлмем бүлінді.  Үйіме жақында ғана жаңартып жөндеу жұмыстарын жасағанмын. Ал, өрт шыққан көршімнің үйінде не іздегенін білмеймін, ол үйгеде ұры түсіпті.Қазір саусақ іздерін алсын деп мамандарды шақыртып қойдым»  – depti тұрғын  Дина Айменова.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button