АТЫРАУДА

АТЫРАУЛЫҚ ПОЛИЦЕЙЛЕР 275 АВТОКӨЛІКТІ АЙЫППҰЛ ТҰРАҚТАРЫНА ҚОЙДЫ

«Борышкер» жедел- профилактикалық іс-шарасы барысында атыраулық полиция қызметкерлері  275 автокөлікті  айыппұл тұрақтарына қойды.

Іс-шараның төрт күнінде полиция қызметкерлері 20 миллион теңгеден астам әкімшілік айыппұлдар өндіріп, 270-тен астам автокөлік жүргізуші-борышкерді, оның ішінде 140- астам автокөлік «Автоураган» жылжымалы кешендерді анықтап, көліктері  айыппұл тұрақтарына жеткізді.

Облыстық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, тұраққа қойылған  көліктің 170-тен астамы Ресей, 70-тен астам көлік – Арменияда тіркелгендер. Сондай-ақ, жолда жүру қозғалысын бұзған жүргізушілерге 9 миллион теңгеден астам айыппұл салынды.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button