АТЫРАУДА

Жемқорлыққа қарсы агенттік қызметкері парамен ұсталды

Атырауда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің офицері жеті жылға сотталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі жазды.

Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты облыстық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің қызметкеріне үкім шығарды. Ол өткен жылдың сәуір айында жеке кәсіпкерге қатысты тергеу амалдары басталғанын біліп, кәсіпкерге барады. Офицер оған қатысты тексеруді тоқтатуға көмектесе алатынын айтып, сондай-ақ, Департамент пен Агенттіктің басшылығы тексерісті тоқтатанын айтып, 30 млн теңге сұраған. Алайда кейін екеуі 21 млн теңгеге келіскен.

Офицерді пәтерден ақша алып болғаннан соң, өз әріптестері ұстады. Қылмыстық іс ҚК 366 (Пара алу) бабымен қозғалып, бірақ сотқа іс 190 (Алаяқтық) бабымен қайта сараланды. 

“Сотталушының кінәсі жәбірленушінің, куәгерлердің айғақтарымен, оқиға болған жерді тексеру хаттамаларымен, «Whatsapp» мессенджеріндегі хат алмасумен, аудио-бейне жазбалармен, жасырын тергеу әрекеттерінің нәтижелерімен және сараптама қорытындыларымен расталды” depti судья үкім оқығанда.

Сотта прокурор антына адал болмай, пара алған офицерді 10 жыл бас бостандығынан айыру жазасын сұраса, жәбірленуші қандай жаза болса да, келісетінін айтты. Ал адвокат пен офицер ақтауды сұрады. 

Сот офицерді кінәлі деп танып, оны мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ, сотталушы бесінші санатты біліктілік сыныбынан айырылды.

“Сотталушы М.-ның қабылдаған антты бұзу арқылы қылмыс жасағанын жазаны ауырлататын жағдай деп танылды. Ал оның жасы мен отбасылық жағдайына қарап жеңілдететін мүмкіндік болып отыр” деді судья. 

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button