АТЫРАУДА

АТЫРАУДА БРУЦЕЛЛЕЗДЕН 24 НАУҚАС ТІРКЕЛГЕН

Атырау облысы бойынша 2019 жылы тұрғындар арасында жедел бруцеллезбен 24 науқас тіркелген. Бұл 2018 жылмен салыстырғанда 2,7 есе азайған.
Бруцеллез – адамдарға жануарлардан берілетін зоонозды ауру. Адам үшін қой, ешкі бруцеллезі ең қауіпті болып саналады.
Ауру жұққаннан кейін ағзада 1-3 апта кейде бір айға дейін жасырын жүреді. Біртіндеп бұлшықеттер ауырып, тәбет жоғалып, терлеп, көп ұзамай дене температурасы 39-40℃-қа дейін көтеріледі.
Бұл ауруды жұқтырмас үшін малды бағып-күтуде жеке бастың тазалық шарасын сақтап, дәрігердің рұқсатынсыз малды соймай, арнайы киім киіп, үйге кірерде ол киімді шешу сынды қарапайым алдын алу шараларын қадағалауы тиіс.
Ескертеміз, жеке адам мал сатып алғанда малдәрігерінің рұқсат қағазын талап етуі тиіс.

Әйгерім Талғатқызы

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button