АТЫРАУДАБЕЙНЕТАСПА

«100 мың теңгеге кімді асыраймыз?» (+ВИДЕО)

Ақтауда жедел жәрдем қызметінің қызметкерлері жалақысын көтеруді талап етіп отыр. Олар мәселе шешілмесе, өз міндеттерін орындаудан бас тартпақ.

https://www.youtube.com/watch?v=AayhgMEGlW4&list=UUoiL5o9z-VwgMxcvof3_pyQ&index=2

Жедел және шұғыл медициналық жәрдем станциясының қызметкерлері өз басшысы мен облыс әкімі Нұрлан Ноғаевқа бейнеүндеу жолдады.

«Біз осыған дейін басшымыздан жалақыны көтеруді және бригаданың оның ішінде фельдшерлер санын толықтыруды бірнеше рет талап еттік. Осы күнге дейін бізді уәдемен тойдырып келді. Әкімдіктен де, облыстық денсаулық сақтау басқармасынан да адамдар келді. Бірақ мәселе шешілген жоқ. Өздеріңіз білетіндей, қазір нарықта тұрмыстық қажеттіліктер, газ, су, жарық бағасы қымбаттауда. Мұнда жанұясын асырап, ипотека төлеп жүрген азаматтар бар. 100 мың теңгеге кімді асыраймыз? Бұл мәселе ай сайын көтеріледі. Тек Ақтау қаласында емес, Жаңаөзен мен Бейнеуде де көтеріледі. Біздің талабымыз — айлығымызды көтеру, бригада санын толықтыру, оның құрамын күшейту»,- дейді олар.

Ақ халаттылар үш- төрт күн көлемінде мәселе шешілмесе, жұмысын тоқтататынын айтты.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button