АТЫРАУДА

АТЫРАУҒА ПОШТА АРҚЫЛЫ КЕЛЕТІН БАРЛЫҚ ТАУАРЛАР ДЕЗИНФЕКЦИЯЛАНАДЫ

«Қазпошта» АҚ Атырау филиалының хабарламасында  аймаққа жеткізілетін барлық пошта тауарлары дезинфекциядан өтеді деп түсіндірілген.  Залалсыздандыру жұмыстары барлық сұрыптау пункттерінде жүргізілетін болады.

Қазіргі уақытта 102 пошта бөлімі штаттық режимде жұмыс істейді. Халықпен тікелей байланыста болған пошта бөлімшелерінің 260 қызметкері барлық қажетті дезинфекциялық құралдармен қамтамасыз етілген.

«Дезинфекция жұмыстары  күніне үш рет жүргізіледі. Біз тұтынушыға қажетті өнімді жеткізетін жалғыз курьерлік қызмет болып қала береміз. Ең алдымен, бұл егде жастағы адамдарға ыңғайлы, әрі қауіпсіз.  Жеткізіп беру байланыссыз түрде жүзеге асырылады. Бізде барлығы дайын» – depti «Қазпошта» АҚ-ның өкілі.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button