АТЫРАУДА

АТЫРАУДА COVID-19 ІНДЕТІН ЖҰҚТЫРҒАНДАРДЫ ТЕКСЕРГЕН 4 МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРІ ОҚШАУЛАНДЫ

«Облыстық денсаулық сақтау басқармасының хабарламасына сәйкес, №2 емхананың екі медициналық қызметкері және 3-ші емхананың тағы екі қызметкері оқшауланды деп көрсетілген.

«Медицина қызметкерлері тексерістен өтті және 6 сағаттан кейін олардың нәтижесі белгілі болады» – depti Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Қазіргі таңда барлық қалалық емханалар әдеттегі режимде жұмыс істеуде.
Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасы емханалардың карантинге жабылуы туралы ақпараттың шындыққа жанаспайтындығын, жалған ақпарат таратушылардың барлығы әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікке тартылатындығын ресми түрде мәлімдейді.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button