АТЫРАУДА

АТЫРАУДА 6 КӨЛІК ҚАҚТЫҒЫСТЫ (ВИДЕО)

26 наурыз күні Атыраудағы Уәлиханов көшесінде  6 автокөлік қақтығысқан  жол көлік оқиғасы орын алды.

«26.03.2020 жылы сағат 18:30 шамасында 1996 ж.т. азамат басқару құқығы жоқ күйде маркасы Lada 21703 /Priora/ көлік құралын Атырау қаласы, Ш.Уалиханов көшесіндегі үйлердің  тұсында  жүргізіп келе жатқанда айтуы бойынша алдынан екінші дәрежелі жолдан шыққан 1989 ж.т. азамат басқаруындағы маркасы «Opel Astra» көлік құралынан апаттық жағдай туғызбау үшін оңға қарай алып қашып, оң жағындағы бордюрге соқтығысқан. Соққы екпінімен қарама-қарсы келе жатқан 1981 ж.т. азаматтың басқаруындағы маркасы «Lada 21703» көлік құралының артқы бөлігіне соқтығысып, соққы екпінімен тұрақта тұрған маркасы «Toyota Estima» көлік құралына, соққы екпінімен бұл Тойота автокөлігі сол жерде тұрған «Lexus NX200» көлігіне  соқтығысып, маркасы Lexus автокөлігі оң жағында тұрған маркасы «Toyota Land cruiser 100» автокөлігіне соқтығыс жасаған» – depti ПД баспасөз қызметі.

Жол оқиғасы  салдарынан маркасы Lada 21703 /Priora/  автокөлігінің  жолаушылары және жүргізушісі әр түрлі дене жарақаттарымен облыстық ауруханаға жедел жәрдем арқылы жеткізіліп, медициналық көмектен кейін үйлеріне жіберілген.

Қазіргі уақытта тиісті іс-құжаттар жинақталып, жол көлік оқиғасына кінәлі жүргізуші анықталуда.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button