Тәртіпсіздік кезінде әтір ұрлағандар Атырауда ұсталды

by Depti
0 views

Нақтырақ айтқанда, 10 қаңтар күні облыс орталығына жоспардан тыс келген «Алматы-Атырау» пойызынан түскен жолаушылардың сөмкесін тексеру барысында 3 азаматтан Алматы қаласындағы «Монами» дүкенінің тауарлары табылды.

Ұсталған азаматтар тәркіленген заттарды 5 қаңтар күні Алматыда жаппай тәртіпсіздік кезінде ұрлағандарын мойындаған.

– Тексеру барысында Ақтау қаласының 3 тұрғынынан ұрланған заттар анықталды. Яғни, 30 дана әтірсу, 55 дана косметикалық бұйымдар. Аталған іс-шара теміржолдың күзет фирмасы мен ұлттық ұлан әскери бөлімінің қызметкерлерімен жүзеге асырылды. Аталған факт бойынша ҚР ҚК 191 бабының 3 бөлімі 3 тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалып, қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде, — деді  Атырау станциясы ЖПБ криминалдық полиция бөлімшесінің бастығы Мейірбек Өтеғали.

You may also like

This material is not allowed for publication, broadcast, rewritten or redistributed. ©2021 PenciDesign. All rights reserved. Market data provided by Market.com. Powered and implemented by Web Design Solution. Legal Statement. News and Informations data provided by Example.Com