АТЫРАУДА

КАРАНТИН КЕЗІНДЕ АТЫРАУЛЫҚТАРҒА ЖАЛАҚЫ ҚАЛАЙ ТӨЛЕНЕДІ?

Қазақстанда бірнеше мекемелердің жұмысы тоқтағаны белгілі. Енді олар жалақыны қалай алады деген сұрақ туындайды.

«ҚР Еңбек кодексінде: қашықтықтан жұмыс жасау, толық емес жұмыс күні, бос тетіктер және еңбек демалысына шығару сынды мүмкіндіктер қарастырылған.  Қашықтықтан жұмыс жасау кезінде, жұмыс беруші қызметкерін барлық қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етіп, толық еңбекақысын беруі тиіс. Толық емес жұмыс күнінен көшкен қызметкерлерге еңбекақы жұмыс жасаған сағаттарымен төленеді. Егер жұмыстың тоқтауына жұмыс беруші де қызметкер де кінәлі болмаса, жұмыс беруші ең төменгі жалақы яғни  42 500 теңге төлеуі тиіс. Еңбек демалысына шыққандардың ақшасы төленеді. Егер қызметкер еңбек демалысына шығатын уақытқа жетпесе (1-5 ай), өзінің тетіктері бойынша есептеу жүргізіліп,  еңбек демалысына шығады» – депті Атырау облысы мемлекеттік еңбек инстпекциясы басқармасының басшысы Игілік Әубәкіров.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button