АТЫРАУДА

Өзбекстандық «жеңгетай» Атыраудан жын-ойнақ орталығын ашқан

Ақтөбе гарнизоны әскери сотының үкімінде айтылғандай, осыдан тура бір жыл бұрын Өзбекстанның 34 жастағы азаматы Дильфаруз АБДУКОДИРОВА танысымен бірге Атыраудан бордель ашып, жын-ойнақ ұйымдастырған.

Атырау қаласының орталығынан екі пәтерді жалға алған Абдукодирова өзімен бірге үш жезөекшені әкеліп, «бизнесі» алға басқан. Киленттерді «Друг вокруг» әлеуметтік желісінен іздеген. Интимдік қзымет құны 5-20 мың теңгені құраған. Күн сайын «қыздарға» 1,5 мың теңгеден төленген.

Ал » Атырау «авиациялық шекаралық бақылау бөлімшесінің бақылаушы аға сержанты, Арайбек Айтқалиев «шағын кәсіпке» көмектесіп отырған. Сот үкімінде айтылғандай, ол жезөкшелерді Қазақстанға жеткізіп, билет сатып алған. Сондай-ақ, қыздар жұмысқа шыққысы келмеген кезде және клиенттер ақы төлеуден бас тартқан жағдайда мәселеге араласқан.

Кінәлілер қылмысын мойындамағанымен, аға сержант 4 жылға, жеңгетай мен оның сыбайласы 3,5 жылға бас бостандығынан айырылды.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button